24.04.2017, 15:55
Қараулар: 27
Мәдениет саласында жаңа басшы

Мәдениет саласында жаңа басшы

800Бүгін аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов аудан әкімі Наурызбай Қарағойшиннің 2017 жылғы №36 өкімімен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып тағайындалған Бекежан Биболатұлын ұжымына таныстырды.

Біржан Нұрланұлы Бекежан Шарафутдиновтың еңбекқор, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын азамат екеніне тоқталып, мәдениет саласын одан әрі жандандыратынына зор сенім білдіріп, сәттілік тіледі. Өз кезегінде Бекежан Биболатұлы жаңа қызметте аянбай еңбек ететінін жеткізсе, әріптестері жаңадан тағайындалған басшымен жұмылған жұдырықтай болып, бірлесе жұмыс атқаратындықтарын айтты.

Арайлым КЕСЕКОВА

 

Жаңа тағайындау

Басқа да мақалалар