28.04.2017, 10:52
Қараулар: 1676
Руханият әлеміне бойлады

Руханият әлеміне бойлады

   IMG-20170428-WA0000 - копия (2) Жәнібек аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған  жиын өтті. Басқосу барысында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Эльмира Салихова, әдіскер Нұрболат Садырбаев Елбасының мақаласынан туындайтын руханият әлемі туралы мазмұнды да мәнді әңгіме айтты. Ал мектеп директоры Орынбасар Ғилымов  Елбасы Жолдауының маңыздылығын түсіндірді. Жиынға  қатысушылар Елбасының мақаласына  өз пікірлерін білдіріп, қолдайтындықтарын жеткізді.

Н.Өтей