6.06.2017, 11:57
Қараулар: 310
Сот жұмысымен танысты

Сот жұмысымен танысты

Аудандық сотта Жәнібек колледжі студенттерінің қатысуымен «ашық есік» күні оздырылды. Шарада аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Берік Басырбаев студенттерді соттың жұмысымен жан-жақты таныстырды. Студенттер ғимараттағы сот отырысы өтетін залдарды аралап көріп, жаңа электронды технология, кеңсе жұмысы туралы мағлұмат алды. Б.Басырбаев сот саласының жұмысымен танысуға келгендерге қылмыстық істер қаралатын сот отырысының залы бейне-дыбыс қондырғысымен жабдықталғандығын, аталған құрал арқылы сот процесі түгелдей жазылатындығын мәлім етті. Оның айтуынша, бұл жәбірленушіге, сотталушыға, қорғаушыға, судьяларға да пайдалы, өйткені бейне-дыбыс құралы арқылы соттағы ашықтықты қамтамасыз етуге болады. Шара барысында аудандық соттың судьясы Нұрмұхамбет Жұмәлі студенттерге судьялардың жұмысы, заң саласы туралы түсінік беріп өтті.

Д.ЗЕННАТ