13.06.2017, 16:26
Қараулар: 14
Төсбелгімен марапатталды

Төсбелгімен марапатталды

800

Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылында дүниеге келген Асылхан Мұхсинов өткен жылы әскер қатарына шақырылып, азаматтық борышын Ақтау қаласындағы 2018 әскери бөлімде өтеген-ді. Мемлекеттік шекараны күзету кезінде міндетін адал атқарып, Отанына шынайы берілгендіктің үлгісін көрсетіп, жақсы нәтижеге қол жеткізгені үшін ол ҚР ҰҚК Шекара қызметі төрағасының шешімімен екінші дәрежелі «Шекара қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған болатын. Жәнібек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы, подполковник Нұржан Асылбеков Асылхан Неғметоллаұлына төсбелгі мен арнайы куәлікті салтанатты жағдайда табыс етіп, осындай ұлды тәрбиелеген ата-анасы мен ұстаздарына алғысын білдірді.

А.КЕСЕКОВА

Құттықтаймыз

Басқа да мақалалар