3.07.2017, 11:46
Қараулар: 680
Қолды болған телефон табылды

Қолды болған телефон табылды

121416_029566048983Аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Ернар Сұлтанғалиевтің бізге берген мәліметіне сәйкес, Күйгенкөл ауылдық округіне қарасты Өнеге елді мекенінің тұрғыны Б. деген азаматтың үйінен 25 маусым күні «Fly» маркалы ұялы телефон ұрланған. Жедел тексеру жұмыстарының нәтижесінде А. деген азамат ұсталып, қолды болған зат тәркіленді. Келтірілген шығын 4000 теңгені құрады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Б.ЖҰМАҒАЗЫ