6.07.2017, 14:42
Қараулар: 457
Балаларға арналған медициналық көмек

Балаларға арналған медициналық көмек

sdr

sdr

Аудандық орталық ауруханада балаларға арналған «Мамандандырылған медициналық көмек» атты ашық есік күні оздырылды. Көпбейінді облыстық балалар ауруханасының консультативті емхана меңгерушісі Майна Есмағанбетова және аталған аурухананың дәрігерлері, атап айтқанда невролог Азамат Сәметов, сурдолог Нияз Сандыбаев, эндокринолог Таңшолпан Иманғалиева, ортопед-травматолог Болат Әлібаев ашық есік күнінде барлығы 167 баланы қабылдап, оларға консультативтік көмек көрсетті. «Астана күні қарсаңында ашық есік күнін облыс орталығынан ең шалғай жатқан Жәнібек және Бөкей Ордасы аудандарына өткіземіз деп жоспарлағанбыз. Мұндағы мақсатымыз Орал қаласына барып-келуі қиын балаларға медициналық көмекті жақындату болатын. Жәнібек ауданында өткен ашық есік күні көбіне неврологиялық және хирургиялық ақаулары бар балалар дәрігерлердің қабылдауында болды. Оларға сол саланың дәрігерлері консультативтік көмек беріп, кейбіреуіне көпбейінді облыстық балалар ауруханасына барып, тексерістен өту қажеттігін айтты», — дейді аталмыш аурухананың дәрігер-методисі Әслима Ғабдрахимова.

Д.ЗЕННАТ