14.07.2017, 18:09
Қараулар: 197
Бірінші жартыжылдықты қорытындылады

Бірінші жартыжылдықты қорытындылады

IMG_2811 - копияАудандық соттың 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстары бойынша БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. Брифингті аудандық соттың төрағасы Айвар Бижанов жүргізді.

Сот төрағасының мәлімдеуінше, үстіміздегі жылы былтырғы жартыжылдықпен салыстырғанда істердің саны азайғандығы байқалады. Мәселен, биыл қылмыстық іс шамамен екі есеге төмендеді. 9 қылмыстық іс қаралып, 7 адамға қатысты сот үкімі шыққан. Олар заңсыз қару сақтау, ұрлық сияқты фактілер.

Аудандық сот 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 73 (бережақты қайтармау, банк саласындағы істер, ажырасу, мемлекеттік орган қызметкерлерінің әрекеттерін даулау және т.б.) азаматтық істі қарап, оның 6-ы медиация арқылы қысқартылған. Аудандық сотқа 148 әкімшілік іс түсіп, оның 144-і қаралған. Әкімшілік істердің басым көпшілігі ұсақ бұзақылық болып табылады.

-Аудандық сот ғимаратының істер қаралатын сот отырысының залы бейне-дыбыс қондырғысымен жабдықталған. Бұл жәбірленушіге, сотталушыға, қорғаушыға, судьяларға да пайдалы, өйткені бейне-дыбыс құралы арқылы соттағы ашықтықты қамтамасыз етуге болады. Ауданда кейбір дауларды медиация арқылы шешу үрдіс ала бастады. Бұл тұрғыда кәсіби емес медиатор Болат Закариннің еңбегін атап өтуге болады, — дейді сот төрағасы А.Бижанов.

Д.ҒИБРАТҰЛЫ