17.07.2017, 17:17
Қараулар: 244
Бәрі де электронды түрде жазылып, жіберіледі

Бәрі де электронды түрде жазылып, жіберіледі

20170717_153251 - копия (2)Жәнібек аудандық сотында облыстық сот төрағасының тапсырмасына сәйкес  Сот органдарының «Төрелік» ақпараттық  және «Сот кабинеті» жүйелерімен таныстыру бағытында кездесу оздырылып, оған құқық қорғау органдарының және аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының  басшылары мен қызметкерлері қатысты. Кездесуде аудандық соттың төрағасы Айвар Бижанов Сот органдарының «Төрелік» ақпараттық және «Сот кабинеті» жүйелері бойынша атқарушылық қағаздарды электронды түрде жазып жіберу енгізілгенін, сотқа түскен арыз-шағымдар мен басқа да құжаттар, сонымен бірге істің кәртішкелері, істердің қозғалысын қадағалау, сот актілерін салу, сот отырыстарын тағайындау автоматты түрде тіркелетіндігі жөнінде баяндап берді. – «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы атқарушылық қағаздары электронды түрде жазылып, электрондық қолтаңба қойып жолдауға болады. Сондай-ақ «Төрелік» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесімен ықпалдасуда. Соның арқасында қағазсыз түскен ақпараттық жедел айналымның  түскен мерзімі, уақыты, мекенжайға жеткізілгені, тіркелген саны, ақпаратты алушы мен орындаушының байланыс телефоны көрсетіледі,-деді аудандық соттың төрағасы өз сөзінде. Кездесу барысында қатысушылар өз салаларына сай жаңа ақпараттық технологиялар туралы пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

                                                                               Н.Өтей