21.07.2017, 11:45
Қараулар: 437
Жас ұрпаққа насихаттау – басты борыш

Жас ұрпаққа насихаттау – басты борыш

IMG_6363 - копия (2)Көненің көзіндей, асылдың сынығындай боп сақталған, өткен шақ пен жылдардың жарқын көрінісіне айналған облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жәнібек аудандық филиалына қызығушылық танытып келетін аудан тұрғындары мен оқушыларға қоса, әр тараптан арнайы ат басын бұрып келіп жатқан меймандар да жетерлік.

-Осыған орай қордағы сақталған барлық жәдігерлердің өзіндік мән-мазмұнын халыққа түсіндіріп, ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы қолданып келген құрал-саймандарды, заттар мен бұйымдарды жаңа технологияның тасасында қалдырмай, екеуін де салыстырмалы түрде тең бағытта ұстауымыз керек. Сонымен қатар мемлекет және қоғам қайраткерлері мен білім, медицина саласындағы саңлақтардың, сондай-ақ есімдері тарих бетінде алтын әріппен жазылған нар тұлғалардың өмірлерін өрнекті, ғұмырларын ғибратты түрде жас ұрпаққа насихаттап жеткізу — біздің басты борышымыз,- дейді филиал қызметкері Сағыныш Сырымов.

А.ЕСІРКЕПОВ