29.08.2017, 16:48
Қараулар: 147
Қатерлі ісіктің алдын алу – емдеудің басты шарты

Қатерлі ісіктің алдын алу – емдеудің басты шарты

800 (2)

Бүгін Жәнібек ауданының әкімдігінде «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында «Бастамашыл жастарды қолдау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Онкодесант» акциясы негізінде кездесу болып өтті. Оған жергілікті мекеме басшылары мен қызметкерлері, медицина саласының мамандары қатысты. Кездесу барысында «Бастамашыл жастарды қолдау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің маманы Жұлдыз Апишева  обыр әлемдегі, әсіресе дамушы елдердегі  өлім-жітімнің басты себептерінің бірі екенін айтып өтіп, тұрғындарды саламатты  өмір салтын ұстануға шақырып, тақырыпқа байланысты бейнеролик арқылы ауруды ерте кезде анықтаса емдеуге толық мүмкіндік бар екендігін айтып өтті. Жиынға қатысушылардан анкеталық сұрақтарға жауап алынып, обырдың профилактикасы туралы ақпарат көрсетілген парақшалар таратылды. Жұлдыз Әбдікерімқызы өз сөзінде: -Обыр бүгінгі күні – кесілген үкім емес. Ісіктің алдын алу және  халықты скринингтік тексеруден тұрақты түрде өткізіп тұру – обырдан қорғанудың ең жақсы жолы,-деді.

Әсемгүл Әбділдақызы