30.08.2017, 15:52
Қараулар: 65
Заманауи ғимарат халық игілігіне

Заманауи ғимарат халық игілігіне

IMG_4567

IMG_4567 IMG_4567Конституция күніне орай Борсы ауылдық округіндегі мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Ауыл мәдениет ошағына «Айас»  ЖШС-ның құрылысшылары мен ауылдан 7 адам жұмыспен қамтылып, екі ай мерзім ішінде 34 миллион 720 мың теңгеге жөндеу жасап, заманауи талапқа сай ғимаратты халық игілігіне ұсынды. Алыстан менмұндалап тұрған, сәулеті жарасқан ғимараттың ашылуына жиналған борсылықтардың қуаныштарында шек жоқ. Мәдениет үйінің ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Азамат Сафималиев:

— Құрметті жерлестер баршаңызды мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!  Бүгін мерекеге орай сіздер үшін қуанышты күн. Борсы ауылында мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне беріліп отыр.  Талапқа сай жөндеуден өткен ғимаратта өнерпаздарымыздың өнерлерін тамашалауды жазсын. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Әрқашанда осындай мерекелі күндері шат-шадыман көңіл-күйде кездесейік,-деп жүрек жарды тілегін жеткізді. Содан соң ауыл ақсақалы Ғайнолла Есенғалиев ауылдастар атынан сөз алып, қуанышты сәтте тілегін арнады.

Мәдениет үйінің ашылу салтанатында аудан әкімі Азамат Сафималиев пен еңбек ардагері Ғайнолла Есенғалиев жөндеуден өткен ғимараттың  лентасын кесті. Әжелеріміз қазақы салт-дәстүрмін шашу шашты. Ойшыл, ақын, журналист Ғұмар Қараштай дара тұлғаның кіндік қаны тамған қасиетті де киелі Борсы ауылындағы  мәдени ошақ сахнасында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары көрермендерді ән-жырға бөлесе, аудан мен облысымызға танымал  биші Ғарифа Әзербаеваның шәкірттері мың бұрала би билеп, қалың көпшіліктің ықыласына бөленді.

                                                                                   Ахмедияр БАТЫРХАНОВ