8.09.2017, 8:26
Қараулар: 1676
Латын әліпбиіне көшу-заман талабы

Латын әліпбиіне көшу-заман талабы

IMG_20170907_155139 - копия (2)Жәнібек ауданы әкімдігінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау бағытында кездесу оздырылып, оған дербес бөлімдер мен мекемелер басшылары, мұғалімдер қатысты. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов ашып, Елбасының мақаласы рухани саладағы түбегейлі реформалардың бастауына айналатынын, ал латын әліпбиіне көшу рухани жаңғырудың негізі болып қаланатынын айтты.  Кездесу барысында облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Гүлжайна Бисенғалиева еліміздің болашақта дамуына  латын жазуы дәнекер болатындығын егжей-тегжейлі түсіндіріп берсе, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Алтынбек Абдулманов латын әліпбиіне көшудің жазу, сөйлеу сауаттылығын арттырудағы ықпалы жайында анық-қанығына дейін  баян етті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Каримоллаұлы қорытындылады.

                                                                                       Н.Өтей