8.09.2017, 10:44
Қараулар: 1694
«Ғұмар Қараш ізімен» атты тарихи-туристік экспедициясы Жәнібекте

«Ғұмар Қараш ізімен» атты тарихи-туристік экспедициясы Жәнібекте

IMG_5163

Қазталов ауданы әкімдігінің қолдауымен Қазталов аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық пен Қазталов аудандық  балалар-жасөспірімдер туризмі  және экология  орталығының  ұжымы мен «Өлкетану» үйірмесінің мүшелері  Елбасы Н.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық  мақаласы шеңберінде  «Туған жер» бағдарламасы  аясына топтасқан басым бағыттарды жүзеге асыру, «Алаш  Орда» үкіметінің  құрылғанына 100 жыл толуына орай  «Алаш» партиясының  белсенді қайраткерлерінің бірі Ғұмар Қараштың  туған жеріне тәу ету мақсатында  Жәнібек жеріне келді.

Делегация мүшелері Жәнібек колледжіндегі  қоғам қайраткері М.Ықсановтың  кабинетіндегі жәдігерлермен танысып, ескерткішіне тағзым етті. Кеңес Одағының Батыры М.Мәметова мен ұлы ойшыл  Ғ.Қараштың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. Т.Жароков атындағы ЖББОМ-ның, №1ЖББОМ-ның мұражайы мен аудандық мұражайдағы тарихтан сыр шертер жәдігерлерді тамашалады.

«Өз өлкеңді өзгеден бұрын таны» атты дөңгелек үстел оздырылып, Ғ.Қараш туралы «Жайық Пресс» ЖШС-ның бастамасымен түсірілген фильм көрсетіліп, ақын өлеңдерін жеткіншектер жатқа оқыды.  «Қазақстан» газеті мен  Ғ.Қараштың өмірі мен шығармашылығы туралы слайд тамашаланды.

Жәнібек аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі  және экология  орталығының  басшысы Тұрдыбек Сәрсенбай мен Қазталов аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі  және экология  орталығының  басшысы Нұрлан Қуанышұлы әріптестік меморандумға қол қойды.

Жәнібек аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі  және экология  орталығының  «Бард» әншілері үйірмесінің мүшелері қонақтардың құрметіне әннен шашу шашты.

Аудандық мәдениет үйінде қазталовтық өнерпаздар жәнібектіктерге  өз өнерлерін паш етті.

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА