28.09.2017, 12:28
Қараулар: 24
Ұстазға құрмет

Ұстазға құрмет

800 (6)

Қамысты ауылының халқына  аса қадірлі ұстаздардың ұстазы  Зейін Сабырғалиұлының 80 жылдық мерей тойына арналған мерекелік кеш өзі еңбек еткен білім ордасында аталып өтті.

      Мерекелік кеш мектеп директоры Ербол Көшкінғалиұлы бастаған  ұстаздар мен оқушылардың ұйымшылдығы арқасында жоғары деңгейде өтті.

Кешімізге арнайы келген аудандық білім беру бөлімінің басшысы Мейранбек Ибатов аудан әкімінің құттықтау хатын табыстап,иығына сыйға тарту еткен шапанды жапты.Сонымен қатар білім беру бөлімі атынан да сыйлық табыс етті.

      Кеште өмірлік мол тәжірибесін ұрпақ тәрбиесіне арнап, сергек өмір кешіп, елеулі еңбек еткен қадірменді жанның өнегесі ерекше екендігі айтылды. Халықтың қалаулысы танылған, ұстаздардың ұстазы, математика пәнінің майталманы, ерен еңбек иесі, 50 жылдан астам ғұмырын жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнаған Зейін Сабырғалиұлының 80 жылдық мерейтойына ауылдың ақсақалдары, ардагер  ұстаздар, Астана қаласынан немере қарындасы, ұл-қызы қатысып, еліміздің түкпір-түкпірінен көптеген шәкірттері мен достарының  құттықтаулары видео-слайд арқылы көрсетілді. Мектеп оқушыларының Зейін Сабырғалиұлына арнаған концерттік бағдарламасы көрермендердің көңілінен шықты. Кеш соңында Зейін Сабырғалиұлы  сөз алып, жүрегіне жеткен әсерлі  кешке ризашылығын білдірді.

Ә.Қуанғалиева

Құттықтаймыз

Басқа да мақалалар