4.10.2017, 17:23
Қараулар: 916
Мега-жоба мәресіне жетті

Мега-жоба мәресіне жетті

IMG_0556

Аудандық  демалыс саябағында  «Болашаққа бағдар:туған жер тарихы және жастардың кемел келешегі» аудандық мега-жобасын қорытындылау концерті өтті. Елбасының бағдарламалық мақаласы аясында ауданда тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған бұл шара 18 қыркүйек күні бастау алып, бүгінгі таңға дейін жалғасын тапқан. Мега-жобаның басты мақсаты – ауыл жастарының патриоттық сезімдерін жоғарылата бір-бірімен тәжірибе алмастырып, туған өлке табиғатымен таныстыру болатын. Концерт барысында аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов белсенді жастардың бір шоғыр тобына алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті. Қорытынды концертте ауылдық округтерден келген өнерпаз жастар өнерлерін паш етіп, күзгі саябақты думанға бөледі.

Ә.Қуанғалиева