17.10.2017, 17:21
Қараулар: 56
Ізденімпаз ұстаз Лаура

Ізденімпаз ұстаз Лаура

8

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті республика бойынша білім беру ұйымдарының педагогтері мен оқытушылары  арасында  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты республикалық қашықтықтан ғылыми жобалар байқауын өткізген болатын. Аталмыш байқауға ауданымыздан ЖББ Ұзынкөл  орта мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Лаура Исатайқызы қатысып, университет ректоры  Е.Б. Сыдықовтың алғыс хатымен марапатталды. Жерлес, ізденімпаз ұстаздың жұмысы республикалық ғылыми жинаққа енетінін естіп, оқырман қауыммен жағымды жаңалықты бөлісуді жөн санадық.

Ә.Қуанғалиева