18.10.2017, 16:22
Қараулар: 170
«Сот кабинеті» сервисімен таныстырды

«Сот кабинеті» сервисімен таныстырды

IMG_8009

Аудандық сотта соттың кеңсе меңгерушісі Берік Басырбаев брифинг өткізіп, келушілерге «Сот кабинеті» сервисі туралы айтып, аталмыш сервисті қолдануды ұсынды. Батыс Қазақстан облысы бойынша  Соттар Әкімшісі басшысының 10.10.2017 жылғы шығыс № 27799-17-5-20/3207 хатымен таныстырған ол, «Сот кабинеті» сервисі ұсынатын электрондық қызметтер туралы былай деп баян етті.

-Республика судьяларының VI сьезінде Елбасы әділ сот төрелігінің халықтың барлық топтары  үшін  қолжетімді болуын  қамтамасыз етуді, бұл  істе  электронды ресурстарды  кеңінен пайдалануды  тапсырған болатын. ҚР Жоғарғы Сотымен Республика  азаматтары  мен заңды тұлғалары  үшін  сот жүйесіне қолжетімділікті  арттыру  және  оңтайландыру  мақсатында  2014 жылдың 5 шілдесінен бастап, ҚР Жоғары Сотының  Интернет-ресурсында  www.sud.kz «Сот кабинеті» қызметтері жаңартылып, 50-ден астам қызмет көрсететін болды. Бұл ең алдымен  Қазақстан Республикасында  сот жүйесі мен жеке және  заңды тұлғалар арасындағы  интернет ресурстары арқылы  электронды  қарым-қатынастарды  жүзеге асыру үшін  бағытталып отыр. Енді қазақстандықтарға  ақпараттық сервистердің арқасында  өз үйлерінен шықпай-ақ, ғаламтор  арқылы  сот құжаттарымен танысу мүмкіндігі бар.

Сот өндірісінің қызметін жеңілдетуге, сондай-ақ азаматтардың уақыты мен қаржысын, бюджет қаражатын үнемдеуге, сонымен қатар, сот жүйесінің жеделдігін, азаматтардың сот ақпаратына  қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. «Сот кабинеті» арқылы  келесі әрекеттерді  жүзеге асыруға болады: талап арыз беру, сот отырысының хаттамасына  ескерту келтіру, өтініш, арыз, шағым және электрондық түрдегі  өтінімдерді әзірлеу және беру, мемлекеттік алымдарды  Онлайн түрінде  төлеу, деректерді сақтау мен біріктірудің қауіпсіздігі.

Сонымен қатар, қазіргі  уақытта «Сот кабинеті» мобильді қосымшасы  іске қосылды. Кез келген адам «Сот кабинеті»  сервисіне  тіркеліп, жаңалықтарды, өзіне қатысты  істің уақытын қадағалап, керек деген сот құжаттарын жазып алу мүмкіншіліктері бар,- деді Берік Бисенбайұлы.

Қатысушылар өз тараптарынан сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды.

Ә.Сірәлі