19.10.2017, 18:01
Қараулар: 7
Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

80

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Жақсылық Абдоловтың 2017 жылғы 17 қазандағы №125-ө өкімімен А.Мулдагалиев аудан әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

Мулдагалиев Асхат Хамитович 1981 жылы 13 желтоқсанда Жәнібек ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 2002 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Химия және биология пәні мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Алғашқы еңбек жолын 2002 жылы Т.Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде химия және биология пәндерінің мұғалімі қызметінен бастаған.

2002-2008 жж. Т.Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің химия және биология пәндерінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі;

2010-2012 жж. А.Оразбаева атындағы орта білім беретін негізгі мектебінің химия және биология пәндерінің мұғалімі;

2012 ж. Жалпы білім беретін Ұзынкөл орта мектебі директорының уақытша міндетін атқарушы;

2012-2013 жж. Ақоба ауылдық округінің әкімі;

2013-2014 жж. А.Оразбаева атындағы жалпы білім беретін негізгі мектебі директорының уақытша міндетін атқарушы;

2014-2015 жж. А.Оразбаева атындағы жалпы білім беретін негізгі мектебінің директоры;

2015 – 2017 жж. «Нұр Отан» партиясының Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

2017 жылғы 17 қазаннан бастап арнайы тексерістен өткенше Жәнібек ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін уақытша атқарушы.

Отбасылы, 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр.

Жаңа тағайындау

Басқа да мақалалар