20.10.2017, 15:52
Қараулар: 71
Облыстық кезеңге жолдама алды

Облыстық кезеңге жолдама алды

IMG-20171020-WA0011 (1)

Көршілес Қазталов ауданында өткен аймақтық «Танылмаған талант» жобасының іріктеу кезеңіне қатысқан жерлестеріміз облыстық кезеңге жолдама алды. Атап айтсақ, Данабек Үмбетәлі мен Райымбек Кәрімов «Үздік ән орындаушы»,  Аида Қожасова  «Үздік ақын» , Бағдагүл Қарабасова  «Үздік әзіл орындаушы» және Нұрсайын Шаққалиев «Ерекше өнер иесі» аталымы бойынша  облыстық кезеңде  бақ сынайтын болады. Жерлестерімізге шығармашылық шабыт пен шарықтау тілейміз!

Ә.Сүлеймен