10.11.2017, 12:27
Қараулар: 714
Өнер бәйгесінде жүлдемен

Өнер бәйгесінде жүлдемен

800

Облыстық қазақ драма  театрында  Қазақстанның халық әртісі  Хадиша Бөкееваның 100 жылдығына арналған облыстық халықтық театрлар фестивалі оздырылды. Өнер бәйгесінде драматург С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр» қойылымын қойып, бақ сынаған  Жәнібек аудандық халық театры  жүлделі  ІІІ орын иеленді. Жүлделі орыннан көрінген театр ұжымына 40 мың теңге көлемінде сертификат берілді.Облыстық фестивальге 11 халықтық театр қатысқан болатын. 85 жылдық  тарихы бар аудандық  театрдың көрерменге ұсынар тың дүниелері көп болсын!

Ә.Сірәлі