15.11.2017, 17:58
Қараулар: 1674
Келісіп пішкен тон – келте болмас

Келісіп пішкен тон – келте болмас

    800 8001

      «Әрбір адам – өз әрекеттерінің перзенті» демекші,  әлемдік қауымдастыққа  кедергісіз  кірудің,  түркі халықтарының бірлігін нығайтатын,  ғылым мен білім саласында бәсекелестікті бекемдейтін  латын әліпбиіне көшу жөніндегі   ҚР Президенті  Н.Назарбаевтың  «Қазақ тілі  әліпбиін кириллицадан  латын графикасына көшіру туралы» Жарлығына қатысты  бүгін  аудандық білім беру бөлімінде  дөңгелек үстел оздырылды.

      Аудандық білім беру  бөлімінің басшысы Миранбек Ибатов келер жылдан бастап білім саласында 0-1 сыныптардың оқушыларын  оқыту үшін пилоттық мектептер іріктеліп, ауқымды жұмыстың басталатындығын, жаңалықтың жаршысы іспетті ұстаздар қауымына жүктелер жауапкершіліктің жүгі хақында ойымен бөлісті. Аудандық білім беру  бөлімінің әдіскері  Светлана Әліпқалиқызы маман әрі ата-ана ретінде  жас буынға тіл үйренудің кедергісі жоқ екендігін айта келе, №1 мектеп-лицейдің 2-сыныбында оқитын қызы Аяжан Тельманмен  ағылшын тілі курсына бірге барып, даярланатындығын, қоғамда болып жатырған қызу пікірлердің өзіне сауатты көзқарас танытып, дұрысын ой елегінен өткізудің қажеттілігіне тоқталса, «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Меңдігүл Ғарифоллақызы  ана тіліміздің  мемлекетті құраушы ұлттың тілі ретіндегі біріктіруші  рөліне   жан-жақты тоқталды.

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА