17.11.2017, 15:59
Қараулар: 11
«Бұлбұл домбыра» сайысында жүлдемен

«Бұлбұл домбыра» сайысында жүлдемен

800

Атырау қаласында Н.Жантөрин атындағы  облыстық  филармониясында  Дина Нұрпейісова атындағы  V республикалық «Бұлбұл домбыра» атты  қыз-келіншектер сайысы өтті. Күй Анасының аманатын болашақ ұрпаққа  дәріптеп, ардақтау мақсатында өткен өнер додасында Жәнібек ауданы атынан қатысқан Раушан Шаканаева жүлделі ІІІ орын иемденді. Алқа төрайымы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Карима Сахарбаева бастаған мықтылар Айгүл Үлкенбаева, Ерлан Сақтанов, Ержан Китаров, Орақ Жауыров сынды әділқазылар алқасының жоғары бағаларына ие болған Раушан Нұрланқызына өнері өрге жүзсін демекпіз!

Ә.СІРӘЛІ