18.11.2017, 12:51
Қараулар: 255
Латын әліпбиі – өркениет жолы

Латын әліпбиі – өркениет жолы

8001

Кеше Жәнібек ауданындағы Тау ауылдық округінің мәдениет үйінде «Латын әліпбиі – өркениет жолы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы оздырылып, оған ауыл әкімі Кенжебек Еркеғұлов, аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Сағынбек Стамов, ауылдық округ әкімі аппаратының мамандары, мекеме басшылары мен қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері, ауыл тұрғындары қатысты. Дөңгелек үстелде Ғ. Абдуллин атындағы ЖББОМ география пәнінің мұғалімі Гүлшат Қайратқызы, «Қайрат» бөбекжайының әдіскері Райса Забихоллақызының хабарламалары тыңдалып, аудан әкімінің орынбасары Біржан Нұрланұлы, ауылдағы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әзберген Төлепқали, Ғ. Абдуллин атындағы ЖББОМ математика пәнінің мұғалімі Біржан Назымгерейұлы, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Сағынбек Досетұлы сөз сөйлеп, өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды. Дөңгелек үстел отырысын ауыл әкімі Кенжебек Чапайұлы қорытындылады.

А.ЕСІРКЕПОВ