5.12.2017, 15:45
Қараулар: 56
Еңбекпен келер береке

Еңбекпен келер береке

IMG_0056

Бүгін аудандық мәдениет үйінде  ауыл шаруашылық қызметкерлері күніне орай салтанатты шара оздырылды. Мәдениет үйінің  фойесінде  аудандық музейдің  қорындағы  ауыл шаруашылық жәдігерлері топтастырылған көрме  мен  аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің   «Ауыл шаруашылығы – ел   ырысы» атты  кітап көрмесі жерлестер назарына ұсынылды.

Салтанатты шара алдында ауданымыздың ауыл шаруашылық саласындағы жетістігін жан-жақты ашқан слайд көрсетілді.

Аудан әкімі Азамат Сафималиев  туған жерді адал еңбегімен көркейтуге белсене қатысып, тер төккен  жерлестерін құттықтап, «Сіздер қажырлы еңбектеріңізбен еліміздің экономикасының дамуына ғана емес, қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының нығаюына да қомақты үлес қосып келесіздер. Барлықтарыңызды мерекемен құттықтай отырып, шын жүректен зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Еліміздің игілігі үшін жасап жатырған еңбектеріңізге табыс тілеймін!»  деп  лебізін білдірді.

Ағымдағы жыл  көлемінде ауыл шаруашылық  саласында жоғары көрсеткіш     көрсеткен үздіктер анықталып, «Ауыл шаруашылығының ардагері»  аталымы Тасқали Құмарғалиевке,  «Үздік ветеринар» аталымы Мейрам Есенбаевқа,  «Үздік бау-бақша шаруашылығы»  аталымы  «Нұрым» шаруа қожалығының жетекшісі Ғилым Қажығалиевке, «Мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысушы шаруашылық»  аталымы   «Мирхат и К»  ауыл шаруашылық кооперативінің жетекшісі Мирхат Кенжеғалиев пен «Жәнібек Өрлеу»  ауыл шаруашылық кооперативінің жетекшісі Арман Елемесовке,  «Үздік фермер» аталымы «Хасен» шаруа қожалығының жетекшісі Биболат Шағыровқа, «Үздік жас фермер»  аталымы  «КРС АГРО» шаруа қожалығының жетекшісі Мирболат Танкишевтерге  табысталды.

Сондай-ақ, осы саладағы қажырлы еңбегі үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен Алла Бисенова,  Мержан Мәжитов,  БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Әлия Мұханбетжанованың  Алғыс хатымен  осы салада атқарып жүрген еңбегі үшін Нұрболат Әбдірешев, Эльмира Сұлтанияровалар марапатталды.

Салтанатты жиын соңы мерекелік  концертке ұласты.

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА

Ауыл шаруашылығы

Басқа да мақалалар