15.12.2017, 9:18
Қараулар: 243
Ішкі істер бөліміндегі басқосу

Ішкі істер бөліміндегі басқосу

IMG_9909

Жәнібек аудандық ішкі істер бөлімінде аудандық соттың ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күні қарсаңында  «Қылмыстық процесс жаңаруда» тақырыбы аясында  кездесу өтті. Жиынға аудан прокуроры Тілекқабыл Жұманғалеев , сот жүйесі мен ІІБ қызметкерлері қатысты.

Жәнібек аудандық сотының судьясы Нұрмұханбет Жұмәлі сот жүйесі алдында  сот төрелігін сапалы түрде  іске асыруға, алдағы уақытта  сот ісін жүргізуді  жеңілдетуге, ашықтық пен қолжетімділікті  қамтамасыз етуге  бағытталған тапсырмалар тұрғанын айтып өтті. Сонымен қатар Нұрмұханбет  Бекетайұлы Елбасымыздың дамыған елдер қатарына ену үшін жасап жатқан бағдарламаларын орындау барысында Қазақстан Республикасының сот жүйесі  одан әрі нығайып, қол жетімді әрі ашық сотқа айналғанын да тілге тиек етті. Жаңа қылмыстық, қылмыстық-процестік кодекстер, Азаматтық іс жүргізу кодексі және Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексі қабылданып, судья лауазымына үміткерлерді  іріктеп алудың  квалификациялық талаптары мен механизмдері күшейтілгенін жеткізді. Өз кезегінде аудан прокуроры Тілекқабыл Василийұлы да модернизацияның түрлері,мақсаты, бағыттары төңірегінде сөз қозғады.

Басқосу соңында қатысушылар сұрақтар қойып, пікір алмасты.

Ә.Қуанғалиева