11.01.2018, 14:52
Қараулар: 191
Жылдық жұмыс қорытындыланды

Жылдық жұмыс қорытындыланды

 

Бүгін аудандық сотта 2017 жылдың жұмысын саралап, талдауға арналған брифинг оздырылды. Онда аудандық сот төрағасы  Әсел Жамантаева өткен жылда атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Сот төрағасының айтуынша, 2017 жылдың 12 айындағы  сот төрелігін жүзеге асыру сапасы 2016 жылмен салыстырғанда жақсарған. Мәселен, азаматтық істердің көрсеткіштері көңіл қуантады. Мұнда оңайлатылған тәртіпте  37 іс қаралса, медиация тәртібімен 16 іс тоқтатылған.Қайтарылған арыздардар 6-ға азайса, қараусыз қалғандар саны – 7.  Сондай-ақ, 27  қылмыстық іс қысқартылған тәртіпте қаралса,  келісу рәсімінде 3, жеделдетілген сотқа дейін 7 іс, есепті уақытта медиация  барысында  14 қылмыстық іс тоқтатылды.Сонымен қатар медиация тәртібінде  тараптардың өзара келісулеріне байланысты 30 әкімшілік іс тоқтатылды.

Аудандық сот төрағасы, брифинг соңында өткен жылы сот төрелігін жүргізуден басқа үкіметті емес ұйымдар өкілдері, мемлекеттік органдар, округ колледжінің оқушылары, аудандық медиаторлармен өткен кездесулер, сот жүйесінің имиджін көтеруге бағытталған іс-шаралар жөнінде айтып өтті.

Ә.Сірәлі