6.02.2018, 9:56
Қараулар: 53
Жеңілдікті пайдалануда

Жеңілдікті пайдалануда

Жәнібек ауданындағы Талов ауылдық округінің шаруалары мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді тиімді пайдалануда. Былтыр осы ауылдағы шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылық кооперативтері 42 млн 671 мың теңге көлемінде субсидия алған. Ауылдағы «Алихан» ШҚ басшысы Қайыржан Байдолов пен «Құбаш» ШҚ мүшесі Елдос Тушкеев МТЗ-82 ныспылы  тракторларын сатып алса, «МирЭль» ШҚ басшысы Майдан Коняев та осындай тракторды тіркемесімен қоса саудалаған. Ал «Аманат» ШҚ басшысы Амангелді Суналиев шөп буғыш сатып алған.

                                                                                              Н.Өтей

Ауыл шаруашылығы

Басқа да мақалалар