13.02.2018, 16:01
Қараулар: 506
«Есіңде ме сол бір кез» ретро әндер кеші

«Есіңде ме сол бір кез» ретро әндер кеші

Ән – көңілдің ажары. Әсіресе қарбалас жұмыстан шаршап шыққанда әннің әлдиімен  рухани демалғанға ештеңе жетпейді. Кеше  аудандық  мәдениет үйінде  өткен  «Есіңде ме сол бір кез» атты ретро әндер кешіне куә болдық. Райымбек Каримов пен Ақнұр Азаматованың  «Есіңе мені алғайсың» әнімен ашылған кеш көркем безендірілген сахнамен ерекшеленді.  Кеште ауданымыздың саңылақ әншілері  Мейрамгүл Дәулетқалиева, Данабек Үмбетәлі, Дана Қаратаева,  Әсем Гайнуллина,  «Мираж» тобы  кезек -кезегімен ескі әндерді орындаса, Әсел Ержанованың жетекшілігіндегі «Інжу» би тобының бүлдіршіндері «Майкл Джексон» биімен  көрермендер көңілінен шықты.Әсерлі кештің басты ерекшелігі ‒ қатысушылар  сағындырған әндерді  орындаумен бірге сол әнге сай сахналық киім, сахналық қойылым әзірлеген.   Ақнұр Азаматованың «Жаңбырлы  түн»  монологі,  Әлішер Кенжеғалиевпен бірге оқыған  «Дос болам десең» өлеңі көрерменді ерекше сезімге бөледі.

Сан жылдар өтсе де, халық ескірмейтін  ғажайып әндерді  қашанда  жылы қабылдайды. Аға буынның жастық шағын  әуезімен әлдилеген ретро әндер кешінен халық риза болып тарасты.

Ә.Қуанғалиева