15.02.2018, 9:30
Қараулар: 79
Аудандық VI Қадыр оқулары

Аудандық VI Қадыр оқулары

Кеше аудандық саз мектебінде өмірі өлеңді, өлеңі өмірлі ақиық ақын Қадыр Мырза Әли  шығармашылығына арналған  VI Қадыр оқулары оздырылды. Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен сайысқа  аудан мектептерінің  оқушылары  қатысты.

Қатысушылар «Сөздің бәрі құдіретті…» бағамында  ақынның шығармашылығынан  өздеріне ұнаған өлеңдерді оқыды.  «Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда…»  бағамы бойынша  ақынның сөзіне жазылған әндерді  орындады және  «Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін…» бағамында  ақын рухына арнап, өз шығармаларын оқыды.

Сөздің бәрі құдіретті…» бағамы бойынша  байқау шарттарын толық орындаған Ұзынкөл ЖББОМ-ның 8-сынып оқушысы  Шамшырақ Есенғалиева ( мұғалімі Гүлзада Еркеғұлова) Бас жүлдеге ие болса, І орын Х.Халиуллин атындағы ЖББОМ-ның 5-сынып оқушысы Жанбатыр Ерсайыновқа (мұғалімі Гүлнар Әбуова), ІІ орын Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ-ның 6-сынып оқушысы Айбат Абдолла (мұғалімі  Сағындық Шукешов) мен Т.Жароков атындағы ЖББОМ-ның 6-сынып оқушысы  Дияра  Нұрышеваға (мұғалімі Әдемі Ахметова) , ІІІ орын Ғ.Абдуллин атындағы ЖББОМ-ның 6-сынып оқушысы Жанна Жұбан (мұғалімі  Жазира Мақашева) мен Ө.Сақыпов атындағы  ЖББОМ-ның 8-сынып оқушысы Бекзада Мәлікқызына (мұғалімі Мергүл Қуаншалиева) бұйырды.

«Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда…»  бағамы бойынша Бас жүлдені Тегісшіл ЖББНМ-нің  9-сынып оқушысы Арсен Сади (мұғалімі Эльмира  Мұратова) қанжығасына байлады. Ал І орынды Т.Жароков атындағы ЖББОМ-ның 8-сынып оқушысы  Әсемай Сақтапберген, ІІ орынды Ғ.Абдуллин атындағы ЖББОМ-ның  7-сынып оқушысы Самал Мұхтар (мұғалімі Елдос Темірғалиев), ІІІ орынды Ө.Сақыпов атындағы  ЖББОМ-ның 7-сынып оқушысы Нұртілеу Амангелдин (мұғалімі Кәкима Әліпқалиева) иемденді.

«Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін…» бағамында жүрек жарды өлеңдерін арнаған оқушылардан оза шапқан Ғ.Қараш атындағы ЖББОМ-ның 10-сынып оқушысы  Гүлнара Жұмаш (мұғалімі Қымбат Осатова) Бас жүлде алды. Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ-ның 10-сынып оқушысы Альбина Жасқайратова (Толқын  Меңдіғалиева)  І орыннан, Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ-ның 7-сынып оқушысы Дамиля  Зейнолла  (мұғалімі Толқын  Меңдіғалиева) мен Ғ.Абдуллин атындағы ЖББОМ-ның 7-сынып оқушысы Мәдина Махметова (мұғалімі Гүлнар  Машанова)   ІІ орыннан, Ө.Сақыпов атындағы  ЖББОМ-ның 7-сынып оқушысы Ұлпан Сағынғалиева (мұғалімі Кәкима Әліпқалиева) мен Тегісшіл ЖББНМ-нің  6-сынып оқушысы Елназар Ерболат (Жанна Сапарғалиева) ІІІ орыннан көрінді. Жеңімпаз оқушылар аудандық білім беру бөлімінің  дипломдарымен марапатталды. Бас жүлде иегерлері ақынның туған жері Жымпиты ауылында өтетін облыстық кезеңге қатысатын болады.

Ә.Сірәлі