20.02.2018, 9:29
Қараулар: 59
Мектептердің жабдықталуы 80 пайызды құрады

Мектептердің жабдықталуы 80 пайызды құрады

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің басшысы Миранбек Ибатовтың бізге берген мәліметінше бүгінде аудандағы 10 орта, 2 негізгі орта, 4 бастауышты қосқанда 16 мектепте  барлығы 2492 оқушы білім алуда. Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысына сәйкес аудан көрсеткіші 89,55 баллды құрап, былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 8,75 баллға жоғарылаған. 76 түлек мемлекеттік грантқа ие болған. Ауданда 30 мұғалім үш тілділік білім беру мазмұны бойынша курстардан өтуде. 2017-2018 оқу жылында пилоттық жобаға сай Т.Жароков атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 8- сыныбында биология пәні бойынша ағылшын тілінде оқытуды бастаған. Биылғы оқу жылында, сондай-ақ аудан орталығындағы №1 орта жалпы білім беретін мектеп тұрғындардың ұсынысы бойынша мектеп-лицейге айналған. Мұның өзі үздік оқитын шәкірттердің ауданнан тыс жерлердегі лицей, гимназияларға ат сабылтпай ауылда қалып оқысын деген мақсаттан туындаған қам-қарекет. –Аталған білім ордасының мектеп-лицей болып қайта құрылуының нәтижесін алдағы 3-4 жылда, амандық болса, көріп қалармыз. Сонымен қатар 2017 жылы аудан бойынша 43 жаңа кабинет жұмыс жасап, мектептердің жабдықталуы 80 пайызды құрады. Аудан мектептері өткен жылы 50 интерактивті тақтамен жабдықталып, 8 мектеп робототехникамен қамтылды,-дейді аудандық білім бөлімінің басшысы.

                                                                                           Н.Өтей