«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында осы филиал және аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылаған жиын өтті.
Жиында ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова сөз сөйледі.
-Аудан әкімінің Жолдауды халыққа түсіндіруге арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Әр қазақстандық Жолдауды егжей-тегжейлі оқып, түсініп, білуі керек. Сол себептен кесте жасақталып, ауданға қарасты ауылдық округтердің тұрғындарымен аудандық мәслихат депутаттары және топ мүшелері кездесулер өткізуде. Аудан орталығындағы мекемелерде осындай бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізілуде,-деді Жанар Диясқызы.
Жиынға қатысқан «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев Жолдаудағы бөлімдерге егжей-тегжейлі тоқталды. Жиын барысында оған қатысушылар өзара пікір алмасты.
Л.Халина