Аудандық балалар — жасөспірімдер спорт мектебінің 50 жылдығына орай волейболдан аудандық ашық турнир өтті.
Оған ауданға қарасты ауылдық округтер және көршілес Бөкей Ордасы ауданы, Бисен ауылынан барлығы 6 команда қатысты.
Волейболдан 2003-2004 жылы туған кіші жасөспірімдер ұлдар арасында бірінші, екінші, үшінші орындарды тиісінше Жәнібек — 1, Күйгенкөл және Бисен командалары иемденді. Сондай-ақ «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік байланыстырушы», «Үздік тосқауылшы» аталымдарына сәйкесінше Марат Ернат, Ерасыл Сағынғалиев, Расул Каденов, Әділет Рахметтолаев ие болды. Жеңімпаздарға дипломдар, медальдар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Лаура ХАЛИНА