Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиевтің 2020 жылғы 6 қаңтардағы №1-ө өкімімен Миранбек Нұрланұлы Ибатов «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.
***
Миранбек Нұрланұлы Ибатов 1974 жылы 8 қарашада Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Тегісшіл ауылында дүниеге келген. Ұлты — қазақ, білімі -жоғары. 1998 жылы Орал педагогикалық колледжін «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша, 2005 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «тарих және география пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
1991-1993 жылдары Орал геофизикалық экспедициясында ІІ разрядты топоотрядтың жұмысшысы;
1993-2005 жылдары Тегісшіл негізгі білім беретін мектебінде мұғалім;
2005-2006 жылдары Тегісшіл орта білім беретін мектебінің қосымша білім беру педагогі;
2006-2007 жылдары Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің істің орындалуын бақылау жөніндегі бас маманы;
2007 – 2008 жылдары Жәнібек ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау бөлімінің бас маманы;
2008 жылы маусым- тамыз айлары аралығында Тау ауылдық округінің әкімі;
2008-2009 жылдары Жәнібек ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамту және қаржы шаруашылық жұмыс бөлімінің бөлім меңгерушісі;
2009-2010 жылдары Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің бас маманы;
2010-2012 жылдары Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы;
2012-2013 жылдары Жәнібек ауданы әкімінің бас инспекторы;
2013 жылы тамыз-қазан айларында Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы;
2013- 2016 жылдары Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары;
2016 жылдың шілде айынан сол жылдың 29 желтоқсаны аралығында Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметін атқарды;
2016-2018 жылдары Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің басшысы;
2019 жылдың қаңтар айынан бастап күні бүгінге дейін Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.
Отбасылы, 2 қыз тәрбиелеп отыр.
Ә.САДЫҚ