2020 жылдың 24–28 ақпан айының күндері аралығында мал ұрлығы қылмысының алдын алу, ашу, аталған қылмыспен айналысып жүрген қылмыстық топтарды ұстау бойынша Жәнібек ауданы көлемінде «Мал ұрысы» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Аталған жедел алдын алу іс-шарасы барысында Жәнібек АПб-нің жеке құрамы арасынан 14 қызметкер жұмылдырылды. Сонымен қатар, Жәнібек ауданы бойынша Ветеринариялық бақылау және қадағалау бөлімінен 1 қызметкер іс-шараға қатыстырылды. Іс-шара барысында барлығы 3 тұлға мал ұрлығы қылмыс үшін ұсталды. 3 автокөлік ет өнімдерін Орал қаласына тасымалдап бара жатырған уақытта тоқтатылып, заңдылығы тексерілді. 2 ет өнімдерін сату орындары және 17 тұлға мал ұрлығы қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғаларға тексеру жұмыстары жүргізілді.
Жедел алдын алу іс-шарасы барысында барлығы 3 қылмыс ашылды. Мәселен, осы жылғы 25 ақпан күні аудан тұрғыны М. есімді азамат 1 бас мал ұрлығы үшін ұсталса, 2018 жылғы 21 қараша күні белгісіз тұлғалар Жәнібек ауылында орналасқан тұрғын үйге заңсыз еніп, 1 бас қой малын жасырын ұрлап, оқиға болған жерден бой тасалаған (өткен жылдары жасалып ашылмаған қылмыс). 2020 жылғы 26 ақпан күні аудан көлемінде қылмысты ашуға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аудан тұрғыны А. есімді азаматы ұсталып, қылмыстық іс бойынша заңды шешім қабылданды. Сол сияқты 2020 жылғы 28 ақпан күні ауданы тұрғыны Р. есімді азамат 1 ірі қара малын еркін жайылмнан ұрлағаны анықталып, ұсталып, қазіргі уақытта аталған қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Аталған бағыттағы қылмыстардың ашылуы өткен жылмен салыстырғанда жоғары деңгейде.