4.02.2021, 10:47
Қараулар: 723
Басты мақсат – көмекке зәру адамдарға қамқорлық көрсету

Басты мақсат – көмекке зәру адамдарға қамқорлық көрсету

Аудан орталығындағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Айтқалиев мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына мемлекет тарапынан жіті көңіл бөлінетінін айтады.

-Қазіргі таңда ауданда 486 мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Солардың   48-і балалар. Әлбетте олардың тағдыры әртүрлі, біреулері туа бітті кемтар атанса, енді біреуі тағдырдың тәлкегін бастан кешкендер. Дегенмен осындай ортадағы адамдарға қамқорлық көрсету – қоғамның зор парызы. Өйткені, мүмкіндігі шектеулі жандарға материалдық көмекпен бірге рухани демеу, жан жылуы да маңызды, -дейді Ғибрат Талғатұлы.

 

«Күйбеңі» көп көмектің берері де  мол

 

Аталған бөлімнің бас маманы болып жұмыс атқарып келе жатқан Аида Жармұханованың айтуынша, ағымдағы жылы есепті кезеңге атаулы әлеуметтік көмек 339 отбасына, соның ішінде 1478 адамға тағайындалып, барлығы  98292,6 мың теңге төленген. Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1-6 жас аралығындағы балаларына кепілдендірілген әлеуметтік топтама(тамақ) беріледі.

Оның міндетіне тұрғын үй мемлекеттік көмегін тағайындау да кіреді екен. – Бұл негізінен аз қамтылған отбасыларға тағайындалады. Мұқтаж жанның басына шаққандағы жиынтық табысы кедейлік шегінен аспауы қажет. Яғни тоқсандық жиынтық табысы 22432 теңгеден аспаса, онда ол тұрғын үй көмегіне құжаттарын тапсыра алады. Биыл   тұрғын үй көмегі бойынша  61 отбасы, жалпы алғанда  256 адамға көмек көрсетіліп, 1542,0 мың теңге төленді. Сондай-ақ нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша АӘК алатын отбасыларға қайтарымсыз грант және несие алуға көмек көрсетіліп жатыр,-дейді ол.

 

Мемлекеттік қызмет көрсетіледі

 

Орталықтың тағы бір бас маманы Райгүл Тастенова мүгедек жандарға мемлекеттік қызмет көрсетілетінін айтты.

-Есепті кезеңге 486 мүгедек тұрады.  Соның 48-і — 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар, жалпы ауруы бойынша I топтағы мүгедек — 43, II топтағы — 118, III топтағы — 158 адам және бала кезінен мүгедектер 119ды құрайды.   Олардың ішінде: көру қабілеті нашар 62 адам, есту қабілеті нашар 19 адам, тірек-қимылы қозғалысы зақымдалған 76 және кресло-арбаға таңылған 21 адам бар. Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына сәйкес міндетті гигиеналық құралдармен 27 адам, кресло-арбалармен 3 адам, протезді-ортопедиялық бұйымдармен 28 адам қамтылса, құлағы кеміс еститін 4 адам сурдоқұралмен, көзі көрмейтін 15 адам тифлоқұралдармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар ауданда жеке көмекші қызметін алатын 36 мүгедек бар. Көзі көрмейтін 14 мүгедек  сағат, ине сабақтағыш, плеер, арнайы ұялы телефондар, қан қысымын өлшегіш құралдармен қамтылып отыр. Бұндай арнайы функциялары бар ұялы телефон құлағы естімейтін мүгедектерге де  берілді.  Биыл «Ақжайық» шипажайында жеке оңалту парағы бойынша жолдамамен 20 адам демалуға жіберіліп, өз денсаулықтарын жақсартып келді.  Облыстық психологиялық дәрігерлік педагогикалық кеңес беру мекемесінің қорытындысы негізінде 9 мүгедек балаға үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу қызметіне 493,3 мың теңге материалдық көмегі берілді.

Ал мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымы Қазақстан Республикасы «Көру мүшесі зақымдалған» мүгедектер қоғамдық бірлестігі «ОРАЛ» корпоративтік қоры арқылы мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектерді жеке көмекшілермен қамтамасыз ету қызметі бойынша жүріп–тұруы қиын І топтағы 36 мүгедек үшін жеке көмекшінің қызметіне 6605,1 мың теңге төленсе,  төтенше жағдайдың енгізілуі және мемлекет басшысының ай сайын азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтарды ұсыну туралы тапсырмасына сәйкес, азық-түлік және тұрмыстық жиынтық мөлшерін бір жиынтыққа 5567 теңге, жалпы 509 мүгедектігі бар адамдарға 12063,7 теңге көмек берілді. Мүгедек жандармен әрдайым тығыз қарым-қатынас жасап отырамыз,- дейді Райгүл Исатайқызы.

 

Үйде әлеуметтік көмек көрсету

 

Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Жұмағали Серік стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік мекемеге 1 жалғызбасты қария орналастырылғанын айтты. Жыл басынан бері 941 адамға 31487,0 мың теңге материалдық көмек көрсетілген.

-Соның ішінде 6 Ұлы Отан Соғысында қайтыс болған мүгедектердің жолдастарына 180,0 мың теңге, 1 тұтқынға 100,0 мың теңге, Наградталған 2 тыл еңбеккеріне 60,0 мың, Наградталмаған 130 тыл еңбеккерлеріне 3 900,0 млн.теңге, Чернобльде болған 4 адамға 120,0 мың, олардың әр қайсысына 30 мың теңгеден,  ЧАЭС жесіріне 20 мың, ал Ауған соғысының 11 қатысушысына 600,0 мың (әр қайсысына 50,0 мың теңге), Бейбіт уақытта қаза болған әскери қызметшілердің 2 отбасына 20,0 мың теңгеден берілді.

Бас бостандығынан айыру орынынан босап шыққан 5 адамға бейімделуге 135,0 мың, онкология ауруына шалдыққан 97 адамға 3854,7 мың теңге, туберкулез ауруына шалдыққан 21 адамға 1396,7 мың теңге, гемодиалез есебінде тұрған 1 адамға 132,5 мың, 90 жасқа толған және асқан 7 адамға 287,8 мың, «Капустин Яр», «Азғыр» полигонынан зардап шеккен 18 жасқа дейінгі 54 мүгедек балаға 2097,7 мың теңге төленсе,  бала жасынан 118 мүгедекке 4897,3 мың теңге, 1 топ мүгедектері 52 адамға 2076,1 мың теңге, 2 топ мүгедектері 117 адамға 3621,2 мың теңге, 3 топ мүгедектері 143 адамға 2970,5 мың теңге, ҰОСҚ мен ҰОСМ теңестірілген 31 адамға коммуналдық шығындарды өтеу үшін 2191,6 мың теңге, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдайда қалған 6 отбасыға 833,5 мың теңге төленген.

Мүгедектерге жеке оңалту бағдарламасына сәйкес санаториялық емделуге баратын жол шығындарын өтеу үшін 9 адамға 88,8 мың теңге, өмірлік қиын жағдай туындаған 37 отбасыға 700,8 мың теңге, денсаулығына байланысты емделуге жол жүруіне байланысты 37 отбасыға 742,8 мың теңге, қыркүйектің екінші жексенбісі «отбасы күніне» орай 18 жасқа толмаған мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 49 отбасыға 490,0 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

Есепті мерзім ішінде үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде 54 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді. Оның ішінде 47 жалғызбасты қария, тірек қимыл аппараты бұзылған 2 мүгедек бала және 18 жастан жоғары психоневрологиялық ауруы бар 5 мүгедек адам бар. Бөлімшеде 16 әлеуметтік қызметкер қызмет атқарады. 2020 жылдың 18 ақпанынан бастап «Жақсылық жаса-твори добро» қоғамдық бірлестігімен шарт жасалынып, мүмкіндігі шектеулі, жеке оңалту бағдарламасына сай 7 қызмет алушыға 5 әлеуметтік қызметкер арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді, — дейді Жұмағали  Қайырболатұлы.

 

Жақынына айнылдық

 

Саналы ғұмырының 30 жылға жуығын осы салаға арнаған әлеуметтік қызметкер, негізгі мамандығы киномеханик  Нағима Құспанова осы әлеуметтік салаға  жұмысқа кіріскен уақытта небәрі 23 жаста болған екен.

-Қазір 5 адамға қызмет көрсетемін. Оның ішінде тыл ардагері, 90 жастың үстіндегі Анна Мололкина да бар. Жасы үлкен болса да, «Уральская неделя» газетін алады, соны оқуға көмектесемін. Дәрі-дәрімектерін, керек-жарақтарын апарып, коммуналдық төлемдерін төлеп беремін. Бізді тумасындай асыға күтіп отыратын жандардан үнемі алғыс алудың өзі зор қуаныш. Ең бірінші кірген мезгілде заманға қарай әртүрлі қиындықтар да болды. От жақтық, күл төктік, газ баллон тасыдық, көмір, ағаш-тезек, су да таситынбыз. Қазір, Аллаға шүкір, заман дамыды. Су да, газ да іште. Қиындық бар жерде жеңілдік те болары анық. Ең бастысы сол қиындықты еңсере білу,- дейді Нағима апа.

             Гүлім АСҚАРҚЫЗЫ

 

 

Ауыл тынысы

Басқа да мақалалар