19.02.2021, 18:31
Қараулар: 220
Жаңа қаулымен таныс болайық!

Жаңа қаулымен таныс болайық!

 

 

 

ҚАУЛЫ                                                                               ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

19 ақпан 2021 жыл                         №18                                       Жәнібек ауылы

 

«Жәнібек ауданының тұрғындары

арасында коронавирустық инфекцияның

алдын алу жөніндегі шаралар туралы»

 

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VІ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4)-тармақшасын, 2 тармағы 3-тармақшасын, 104 бабы 2, 3, 4, 7 тармақтарын, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V Заңының 65 бабын, Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 8 ақпандағы №5 «Батыс Қазақстан облысы аумағындағы карантиндік шектеу шаралары туралы» Қаулысының 10 тармағын басшылыққа алып және Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып және коронавирус жұқпасының алдын алу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы аумағында 2021 жылдың 22 ақпаннан 8 наурызға дейін келесі шектеу шаралары енгізілсін:
  • Жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының, жедел және шұғыл

медициналық көмек, мемлекеттік медициналық мекемелердің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің, өрт сөндіру, авариялық-құтқару және авариялық-техникалық қызмет қызметкерлерінің, жергілікті әскери басқарма органдары (әскери комиссариат) қызметшілерінің ілесіп жүруімен әскерге шақырылғандар, сонымен қатар халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандар мен стратегиялық нысандардың өндірістік процесін қамтамасыз ететін қызметкерлерді қоспағанда, Жәнібек ауылында азаматтардың (жаяу және жеке көлікпен) қозғалысына сағат 23:00-ден 6:00-ге дейін тыйым салу.

2) ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;

3) сыныптарды 15 баладан асырмай жинақтауды сақтай отырып ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептерде 9, 11 сыныптары оқытылсын. Қалған сыныптарға қашықтықтан оқыту ұйымдастырылсын;

4) шаштараздар, сұлулық салондары барлық қызмет түрлері (алдын ала жазылу бойынша) сағат 10:00 ден 18:00 ге дейін;

5) азық-түлік базарлары, азық-түлік емес базарлар сағат 10:00 ден 18:00 ге дейін жүргізілуі тиіс, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қаулысының (бұдан әрі – ҚР МБСД №67) талаптарын сақтай отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмысы тоқтатылсын;

6) азық-түлік дүкендері (азық-түлік өнімдерін сату көкөністер мен жемістерді қоспағанда тек өлшеп-оралған түрде жүргізілуі тиіс), сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып;

7) қоғамдық тамақтану объектілеріне ҚР МБСД №67 Қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс кестесі сағат 10:00 ден 18:00 ге дейін (толтырылуын  50%-дан асырмай, 50 орыннан артық емес, үстелдер арасында 2 метрден кем емес арақашықтықты сақтауды қамтамасыз ету, бір үстелге отырушылар саны 4 адамнан аспауы тиіс, ұжымдық, салтанатты отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізбей);

8) жеткізу және шығару жолымен қызметті жүзеге асыратын қоғамдық тамақтандыру нысандары ҚР МБСД №67 Қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс кестесі сағат 10:00 ден 21:00 ге дейін;

9) сауда үйлері мен азық-түлік емес дүкендер (барлық бағыттар), оларда орналасқан азық-түлік дүкендерімен дәріханаларды, сұлулық салондарын қоспағанда, жұмыс кестесі сағат 10:00 ден 18:00 ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысы тоқтатылсын;

10) діни нысандарда бұқаралық іс шараларды (жұма намазы, діни жоралғылар және т.б.) өткізуге тыйым салу;

11) коронавирустық инфекцияның профилактикасына бағытталған және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 80%-ын (адам саны 15 және одан жоғары) және мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің 50%-ын (қызметкерлер саны 10-нан 15-ке дейін болған кезде), мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің 30%-ын (қызметкерлер саны 10-нан аз болған кезде)  «қашықтықтан» жұмыс нысанына ауыстыруды, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің кемінде 50%-ын «қашықтықтан» жұмыс нысанына ауыстыруды ұсынамыз;

«Қашықтықтан» жұмыс түріне бірінші кезекте 50 және одан жоғары жастағы қызметкерлерді ауыстыру, жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференциялар тек селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізіп оффлайн режимде өткізбей;

  1. БҚО әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының «Жәнібек аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК:

1) Жәнібек ауылында орналасқан медицина ұйымдары тек жіті аурулары бар науқастар үшін жұмыс істеуін қамтамасыз ету, созылмалы аурулары бар науқастардың бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға келуін, оларды үйде медициналық қамтамаыз етуді ұйымдастыру арқылы шектеу. Профилактикалық егулер жұмыстары жоспарлы жүргізілсін;

2) Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының келісімі бойынша коронавирустық инфекциямен ауыратын симптомдық нысаны бар науқастарды, аурудың ауырлығына қарамастан облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына немесе «Жәнібек аудандық ауруханасы» стационарының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызуды кеңес беремін.

  1. Қоғамдық көліктің жұмыс режимін белгілеу:

1) Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көлікке тек жеке қорғаныш құралымен (медициналық бетперде) рұқсат етіледі.

Жеңіл көлік  жеке қорғаныш құралымен (медициналық бетперде) және антисептиктерімен қамтамасыз етілуі тиіс.

  1. Ішкі саясат бөлімі Жәнібек ауылдық округімен бірлесе:

1) Халық арасында түсіндіру жұмыстары күшейтілсін.

  1. Жәнібек аудандық полиция бөліміне:

1) шектеу шараларын сақтау бойынша патрульдеуді ұйымдастыру, жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда дереу материалдарды Жәнібек аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілсін;

  1. Жәнібек ауылдық округінің әкімі мен мониторинг топтары:

1) Ауыл аумағындағы объектілер мен тұрғындардың Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 8 ақпандағы №5 «Батыс Қазақстан облысы аумағындағы карантиндік шектеу шаралары туралы» қаулысының орындалуын бақылауды күшейтсін.

  1. Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етсін:

1)  «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі №ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

2) персоналды, қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдарымен (бетперделермен, қолғаптармен) қамтамасыз ету;

3) келушілерді, клиенттерді үй-жайларға бетпердесіз кіргізбеу;

4) үй-жайлардың, ғимараттардың кіретін және шығатын жерлеріне санитайзерлер орнату;

үй-жайлардың ішінде және сыртында адамдар арасында әлеуметтік қашықтықтың сақталуын бақылау, белгілердің болуын қамтамасыз ету;

— үй-жайларды үнемі ылғалды жинау, дезинфекциялау және үй-жайларды желдету;

— келушілердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу үшін барлық нысандардың кіре берісінде қол тепловизоры арқылы қашықтықтан байланыссыз термометрия жүргізу;

— жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу (төлем карталары, телефондағы қосымша) үшін барынша жағдай жасау.

  1. Жәнібек ауылының тұрғынадрына:

1) респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, 103 нөмірі арқылы жедел медициналық көмекті шақырып, үйден медициналық көмекке жүгіну;

2) 65-тен асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ қажетті тауарларды сатып алуды және медициналық мекемелерге баруды  қоспағанда, аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен кетпеуге кеңес беріледі;

3) жерлеу шараларын өткізген кезде кемінде 2 (екі) метр әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, 20-дан (отбасы мүшелері, жақын туыстар) көп адамның жиналуына жол бермеу.

  1. Меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалар Қаулыны орындауға міндетті.
  2. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халыққа бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.
  3. 11. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы 22.02.2021ж бастап заңды күшіне енеді.

 

 

А.Куатова,

Жәнібек ауданының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар