7.04.2021, 9:21
Қараулар: 669
Облыстық Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы

Облыстық Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы

 

 

«Батыс Қазақстан облысының аумағындағы карантиндік шектеу шараларды күшейту туралы» Батыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 18 наурыздағы №8 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4)-тармақшасын, 2-тармағы 3)-тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7-тармақтарын, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі №ҚР ДСМ-78/2020 «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырудың және жүргізудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығының 2-тарауы 3, 4-тармақтарын, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №12 «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, адам өмірі мен денсаулығын сақтау және Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі — БҚО) тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясымен (бұдан әрі — КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу мақсатында және БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 18 наурыздағы №8 «Батыс Қазақстан облысының аумағындағы карантиндік шектеу шараларды күшейту туралы» қаулысына келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақтың 1)-тармақшасы келесідей азат жолдармен толықтырылсын:

«Жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының, жедел және шұғыл медициналық көмек, мемлекеттік медициналық мекемелердің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің, өрт сөндіру, авариялық-құтқару және авариялық-техникалық қызмет қызметкерлерінің, жергілікті әскери басқарма органдарының (әскери комиссариат) қызметшілерінің ілесіп жүруімен әскерге шақырылғандар, сонымен қатар халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандар мен стратегиялық нысандардың өндірістік процессін қамтамасыз ететін қызметкерлерді қоспағанда, БҚО елді мекендерінің аумағында халықтың қозғалысын сағат 00:00-ден 6:00-ге дейін шектеу;

Көрсетілген уақытта жүріп-тұру қажет болған жағдайларда: облыс тұрғындарына жеке көліктерімен шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге бару, дәріханалардан дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу мақсатында шығу, сондай-ақ түнгі ауысымда жұмыс істейтін адамдар «109» телефоны бойынша өтінім қалдыруы немесе http/www.STOPCOVID.KZ. сайтына тіркелуі тиіс қажет.».

1-тармақтың 6)-тармақшасы келесідей редакцияда жазылсын:

«6) рұқсат берілсін:

контингенті 300 оқушыға дейін ауылдық мектептердегі сыныптарда балалар санын 15 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға;

Білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға;

жалпы білім беретін мектептерде аралас форматта мектепалды сыныптардың оқушылары үшін, 1-ден 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпты қоса алғанда, сыныптардағы балалар саны 15 адамнан аспайтын аралас форматта оқытуға;

Оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етуді (сыныпта 15 адамнан асырмай, «1 сынып – 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимін сақтау);

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 1 курс студенттері санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып практикалық және зертханалық сабақтарды қоспағанда қашықтық форматта оқытуға көшірілсін.».

1-тармақтың 11)-тармақшасы келесідей редакцияда жазылсын:

«11) сауда үйлері мен орталықтары (жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін, сенбі күні сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін толтырылуы 1 келушіге 4 ш.м. кем емес есебімен объект сыйымдылығының 30%-нан артық емес) оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды, сұлулық салондарын, химиялық тазартқыштар, гүлдерді сату дүкендерін, фотосалондарды, банктерді (банкоматтарды) қоспағанда, ҚР БМСД №67 талаптарын сақтай отырып жексенбі күндері жұмысты тоқтатуымен;».

1-тармақтың 12)-тармақшасы келесідей редакцияда жазылсын:

«12) Азық-түлік емес тауарлардың барлық түрлерін сату бойынша дүкендер жұмыс кестесі сағат 09.00 -ден 18.00-ге дейін, ҚР БМСД  №67 талаптарын сақтай отырып жексенбі күндері жұмысты тоқтатуымен;».

1-тармақ келесі мазмұндағы 17)-тармақшамен толықтырылсын:

«17) Азық-түлік дүкендері (минимаркеттер, алкомаркеттер, сыра сататын дүкендер) жұмыс кестесі сағат 08.00-ден 23.00-ге дейін, (азық-түлік өнімдерін сату көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тек өлшеп оралған түрде жүргізілуі тиіс);».

  1. Осы қаулы барлық мүдделі органдар мен ведомстволардың назарына жеткізілсін, халыққа бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы қаулы ағымдағы жылдың 9 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

  М.Арыспаев

Батыс Қазақстан облысының

       Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар