21.05.2021, 15:22
Қараулар: 664
Hayat Vax вакцинасы туралы не білеміз?

Hayat Vax вакцинасы туралы не білеміз?

Hayat-Vax (SARS-CoV-2, Vero Cell) вакцинасы — бұл белсенділігі жойылған коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Рас-Аль-Хайма қаласындағы «Жулпар» фармацевтикалық өндірісінде шығарылған.

Hayat Vax вакцинасын БАӘ Денсаулық сақтау және алдын алу министрлігі 2020 жылдың 09 желтоқсанында тіркеді, содан кейін Қытайда 2020 жылы 30 желтоқсанда тіркелді.

Бүгінгі күні Қытайдан басқа вакцина БАӘ-де өндіруге мақұлданды.

Арнайы мәліметтерге сай Әлемнің 34 мемлекетіне бұл вакцинаның 50 миллионнан астам дозасы қолдануға жіберілген.

Hayat Vax вакцинасының қауіпсіздігі

Hayat Vax –вакцинасын жасау үшін байырғы, бірақ дәлелденген белсенділігі жойылған вакцина жасау технологиясы қолданылады. Осы технологияның көмегімен вирус организмде қорғаныс антиденелерін түзу қабілетін сақтай отырып, жойылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша инактивацияланған вакциналардағы адъюванттардың зиянсыз екендігі дәлелденді. Адъюванттар — инактивті вакцинаның құрамындағы қосалқы заттар ретінде олар иммундық жүйені ынталандырады және организмдегі иммунитеттің ұзақтығына ықпал етеді.

Hayat Vax вакцинасында консерванттар жоқ.

Вакцина бір дозалық құтыда қол жетімді.

Hayat Vax Синофарм вакцинасының негізінде жасалынғандықтан барлық сипаттамасы вакцинасына сәйкес келеді, ал ол вакцина сынаудың үшінші кезеңі Аргентина, Бахрейн, Египет, Марокко, Пәкістан, Перу және Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) өткізілді, оған 68000 астам адам қатысты.

Иммунизациядан кейінгі жағымсыз көріністер (бұдан әрі — ИКҚК), соның ішінде вакцинациялаудан кейін ауыр аллергиялық реакциялар тіркелмеген.

 

Hayat Vax вакцинасы тиімді ме?

Қазіргі күні бұл вакцинаның бүкіл Әлемде 10 миллионнан астам дозасы қолданылған және ешқандай жағымсыз жағдайлар тіркелмеген.

Қол жетімді және аралық нәтижелерге сүйене отырып дәлелденген мәліметтер:

  • COVID-19 инфекциясына қарсы тиімділігі 79,3%;
  • Аурудың орташа және ауыр жағдайларының алдын алуда тиімділігі 100%.

 

Hayat Vax вакцинасымен вакцинациялау кімге арналған?

Hayat Vax вакцинасы 18 жастан асқан ересек адамдарға арналған (әсіресе созылмалы ауруларының өршу кезеңі жоқ кезінде егде адамдарға).

 

  • Hayat Vax вакцинасын кімге алуға болмайды?
  • Вакцинаның кез-келген компонентіне (белсенді және қосымша заттарына) ауыр аллергиялық реакциясы бар адамдар немесе осы вакцинаны алдыңғы дозасын енгізгенде аллергиялық реакциялар болғанда;

Ғылыми зерттеулер вакцинаның келесі топтар үшін қауіпсіз екенін дәлелдегенге дейін вакцина қолдануға кеңес берілмейді:

  • жүктілік кезінде,
  • бала емізетін аналарға;
  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге;

 

Вакциналар — заманауи медицинаның маңызды жетістіктерінің бірі және вакциналардың арқасында бүкіл әлемде вакцинамен басқарылатын инфекциялардың жиілігі мен өлімі жағдайлары азайған!

Айгүл ҚУАТОВА

Жәнібек аудандық санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының басшысы