Биылғы жылы еліміздің бас қаласы Астана қаласында бүкіләлемдік «ЕХРО — 2017» көрмесі өткелі отыр. Осыған орай аудандық орталықтандырылған кітапханада ақпараттық библиография бөлімінің ұйымдастыруымен «ЕХРО-2017» – абырой мен бедел биігі» атты шара өткізілді.
Аталмыш шараға Т.Жароков атындағы ЖББОМ оқушылары мен ұстаздар, кітапхана ұжымы қатысты. Шара барысында слайд арқылы ЕХРО тарихына шолу жасалып, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі болып саналатыны айтылды. Оқушылар тақырып аясында өз пікірлерін ортаға салып, ақын К.Салықовтың «Астанада ЕХРО-2017 көрмесі» атты өлеңін 10-сынып оқушысы Алтынай Мустафина мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар «ЕХРО-2017 – Қазақстанның жаңа мүмкіндігі» атты мерзімді басылымдардан жасақталған көрме оқырмандарға таныстырылды. Шараны аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Ж.Мустафина қорытындылап, қатысқан оқушыларға алғысын білдірді.
А.КЕСЕКОВА