ҚР ҰҚК шекара қызметінің 2036 әскери бөлімінің, Жәнібек шекара бақылау бөлімшесінің шекарашылары, үстіміздегі жылдың 18 қыркүйек күні, Жәнібекке келе жатырған Ресей Федерациясы Дағыстан республикасының азаматы тізгіндеген КамАЗ жүк көлігін тексеру барысында, көлік құралын тексеру шекара наряды сержант Рафхат Тайкенжиннің қырағылығының арқасында, он жеті оғымен тапаншаны тауып, тәркіледі. Тапанша Жәнібек аудандық ІІБ-не тапсырылды.
Жәнібек шекара бақылау бөлімшесінің бастығы, майор Нұрзат Атабаев басқаратын мәңгілік еліміздің тыныштығын кірпік қақпай күзететін шекарашылардың әбжілдігі мен сауаттылығы арқасында зардабы еске алуға да қорқынышты жағдайдың алды алынып, жолы кесілді.
Меңдігүл ФАЗЫЛОВА